Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІДЕ «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ШИЕЛІДЕ «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ


«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің!» Шиеліде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек» республикалық конкурсының аудандық деңгейі өтті.
Шиелі ауданы әкімі Әшім Оразбекұлы республикалық «Жомарт жүрек» конкурсының лауреаттарын құттықтап, жеңімпаздарға жылы лебізін білдірді.
Салтанатты шараға арнайы келген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Мыңжас Нұрлыбек сөз сөйлеп, бүгінгі қоғамға, мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен мецанаттарға, демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім, ғылым, мәдениет, қоғам, медицина, спорт саласына қолдау көрсеткен азаматтар туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жомарт жүректі жандарды, меценаттарды, бизнес-құрылым өкілдерін, ұйымдарды, еріктілерді құрметтеу мақсатында «Жомарт жүрек» салтанатты құттықтау рәсімін республикалық, облыстық, аудандық деңгейде өткізіліп келеді.
- Ауданымызда ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясымен Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы
- Елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясымен Жеңсікбаев Ербол Якуллаұлы;
- Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен Көпеев Бауыржан Амангелдіұлы;
- Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Семізбай - U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Иіркөл» филиалының директоры Салқынбаев Мұханбетжан Бекмұрзаұлы;
- Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясымен Құрманбайұлы Ерболат марапатталды.
«Жомарт жүрек» байқауы жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар тапсырылды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.



09 тамыз 2018 ж. 1 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области