Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қазалыда ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауған соғысы ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Қазалы ауданынан ауған соғысына 67 қазалылық азамат қатысқан. Олардың 2-уі соғыс даласында мерт болған. Қазір ауданда 28 ауған соғысының ардагерлері тұрады.
«Елбасымыздың «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар. Бүгінгі таңда интернационалист жауынгерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіліп келеді. Бұдан бөлек ауған соғысы ардагерлері, мүгедектері мен соғыста қайтыс болғандардың отбасыларын қатыстыра отырып, арнаулы орта оқу орындарында, мекемелерде кездесулер өткізілді. Қазіргі таңда ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге тағзым ету үшін «Жеңіс» паркінде «Даңқ аллеясында» ескерткіш белгі орнатылған», - деді Мұрат Ергешбаев.
Мерекелік шарада аудан әкімі ардагерлерге 30 жылдық мерекелік медалін табыс етті.
Салтанатты жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер Одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев аудан әкіміне ризашылығын білдірді.

18 ақпан 2019 ж. 892 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области