Қармақшы ауданында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы атап өтілді
Бұл туралы Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ел тарихындағы айтулы қасірет әкелген Ауғанстандағы әділетсіз соғыс сан мыңдаған азаматтарымыздың жас өмірін қыршыннан қиды. Қармақшы ауданында 80-ге жуық жерлесіміз қанды майдан жүріп жатқан Ауған жерінде болып интернационалист жауынгер ретінде соғысқа қатысқан еді.
Қазіргі таңда олардың 42-сі әр түрлі қызметтерде еңбек етуде.
Жастар саябағында ауған соғысында қаза тапқан ардагерлерімізге арнап орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, марқұм болған кісілерге құран бағышталды.
Аудандық мәдениет үйінде «Отты жылдар сыр шертеді» атты аудандық еске алу кешімен жалғасты.
Еске алу кешінде аудан әкімі С.Мақашов ауған соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады. Сонымен бірге, Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай 350 ге тарта спортшы қатысқан спорттық жарыстың жеңімпаздарын марапаттады.
Жалпы командалық есепте №30 мектептің командасы І орын, №26 мектептің командасы ІІ орын, №250 мектеп-лицейінің командасы ІІІ орын алды.
Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауангерлеріміздің отбасына естелік сыйлықтар табысталды.