Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz.Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы жауын-шашынды болады деп хабарлайды Қазгидромет.
Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп қалады. Қарағанды қаласында да ауа райы құбылмалы болмақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күні бойы кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсу ықтималдылығы да жоғары. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтіледі. Петропавл қаласында да дәл осындай ауа райы болады.
Бүгін Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жетуі ықтиал.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Ал Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайтындығы күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.