Қызылордада 2 туристік нысан іске қосылады

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақта ішкі туризмді дамыту мәселесі кеңінен қолға алынуда. Өңірде 29 туристік нысаннан 83 инфрақұрылымдық мәселе анықталып, кезең-кезеңімен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасына енгізу бойынша шаралар қабылдануда», - деді Фердоуси Әбілқасымұлы
Қазіргі таңда туристік нысандар бойынша облыста 109 қонақ үй, 3 шипажай, 4 жағажай, 11 демалыс орны, 12 туристік фирма және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында 30 сервистік қызмет көрсету кешені бар. Сонымен қатар, өңірімізде халықаралық,республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар 545 тарихи-мәдени нысан тіркелген.