КЛАСС ЖУРНАЛЫН ПЛАНШЕТ АУЫСТЫРАДЫ
Енді ата-ана мен мұғалім желі арқылы тығыз байланыста болады. Қызылорда облысының барлық мектептері электорнды класс журналына көшіріледі, деп хабарлайлы BNews.kz тілшісі.
«Педагог класқа журнал орнына планшет ұстап кіреді», - дейді Қызылорда облысы әкімінің орныбасары Евгениий Ким.
Планшетке оқушының сабақ үлгерімі мәліметінен басқа методикалық материалдарды да жүктеп алуға болады. Бұл педагог үшін тиімді болатыны даусыз. Осылайша, ата-мен педагог желіде түрлі форумдар өткізіп, сауал жолдап, өзара байланысты нығайта алады.
«Мектепке электронды клас журналын енгізуде мәселе болады деп ойламаймын. Себебі, бұған мұғалімдер дайын. Тек елді мекендердегі кейбір мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернет жоқ. Бірақ, бұл проблема таяу күндері шешімін табады. Өйткені, бұл бағытта жұмыс жасалуда», - дейді облыстық білім басқармасы басшының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова.