Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Kyzylorda-news.kz.Ауа райының нашарлауына байланысты 30 маусым күнге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тәулік бойы найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.