Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРДІ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРДІ


    Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берді. Есеп беру жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев арнайы қатысты.
    Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді. М.Ергешбаев мәлімдегендей, ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу жоспарда бар. Қазір «ОРДА» жол картасы бойынша ұзақ мерзімді несиемен тұрғын үй алғысы келетін азаматтардың тізімі жасақталуда. Бұл біріншіден, жер кезектілігін азайтса, екіншіден, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік бермек.
    Статистикалық есептерге сәйкес, 2017 жылы негізгі капиталға 11,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артық.
    Былтыр Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендерінен 5 мектеп, Жалаңтөс батыр ауылынан ауылдық клуб пайдалануға берілді.
    Жыл басында Әйтеке би кентіндегі 150 орындық орталық аудандық аурухана және сот ғимараты іске қосылса, жыл соңына дейін 5-квартал аймағынан 300 орындық мектеп пен Жанқожа батыр ауылынан спорт кешенінің құрылысы аяқталады.
    Сонымен қатар, биыл аудан орталығынан 600 орындық мәдениет үйі мен аудандық мекемелер үйінің ғимараттарын және Қазалы қаласындағы «Шағала» лагерінің құрылысына ұсыныс берілді. Қолдау тапса, нысандардың құрылыс жұмыстары осы жылы басталады.
    Сондай-ақ, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Өркендеу ауылынан дәрігерлік амбулатория салынбақ.
    Жылдық есепті тыңдаған аудан тұрғындары өз тараптарынан да ұсыныс-пікірлерін білдірді.


01 ақпан 2018 ж. 1 081 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области