Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды
Kyzylorda-news.kz.Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы санитар дәрігердің өзі айтты. Ол қазіргі кезде үйінде оқшауланып, жұмысын қашықтан істеп жатыр.«Ауырып қалдым, жағдайым дұрыс, симптомдар байқалмайды. Бұл COVID-19, бірақ симптомсыз түрі. Қашықтан жұмыс істеп жатырмын, себебі ауыратын уақыт жоқ», - деді Бекшин.

























