Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 51 шаруа қожалығы «Nur Otan» партиясының араласуымен субсидия алатын болды.

Қызылордада 51 шаруа қожалығы «Nur Otan» партиясының араласуымен субсидия алатын болды.

Kyzylorda-news.kz. Олардың қатарында Шиелі ауданына қарасты «Ақмая» шаруа қожалығы да бар.

«Ақмая» шаруа қожалығы өткен жылы 1420 гектарға күріштің «Янтарь», «Лидер», «Сыр сылуы» сорттарын екті. Әр гектарынан орташа есеппен 65 центнерден өнім алып, қамбаны толтырды. Әрине, жер жырту, тегістеу, тұқым себу жұмыстарының барлығы соңғы үлгідегі технологиялармен жүргізілгендігінің нәтижесі.

Дегенмен, шаруашылық өткен жылы егілген 1420 гектар күріш өнімінің 400 гектарына ғана субсидия алған. Шаруашылық үшін үлкен қолдау болғандықтан қиналған қожалық иесі жыл басында өңірімізде жұмыс сапарымен болған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен болған кездесуде мәселе етіп көтерген. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәселені өз бақылауына алып, бүгінгі күні шешімін тауып отыр. Яғни, 1 ғана «Ақмая» шаруа қожалығы емес, облыстағы 51 шаруа қожалығы 160 млн теңге көлемінде субсидия алатын болады.

«Өткен жылы өңірде бізден басқа 50 шаруа қожалығы өткен жылы еккен күріштеріне субсидия алмаған болатын. Берекесінен бейнеті көп кәсіптің нәпақасынан қағылған қожалықтардың барлығының өтінішін мен жыл басында жетекші партияның Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырзамен кездесуде жеткіздім. Ол кісі өз бақылауына алып, мәселені шешіп беретіндігін айтқан еді. Міне, мәселе шешімін тауып отыр. Біздің шаруа қожалық 14 млн теңгедей субсидия алатын болды. Субсидияның маңыздылығы шаруашылықтың дамып ілгерлеп кетуіне көмегі көп қой. Техника алып жатырмыз, қаншама Клаз, Джондейр, лазерный мара оның барлығы шаруашылыққа керек нәрсе ғой. Барлық шаруашылық өкілдері атынан алғысымызды айтамыз», – дейді «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жүнбеков.
«Өткен жылы Сыр диқандары 88 мың гектарға жуық жерге күріш еккен. Оның 13 мың гектарға жуығы Шиелі ауданының шаруаларына тиесілі. Ауданда сыр салысымен сексеннен астам қожалық айналысады. Соның алтауы мемлекеттік қолдаудан құр қалды. Себеп бөлінген бюджеттің толық игерілуі», – дейді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының сөзін мәселені шешуге араласқан партия өкілдері де растап отыр. Өткен жылы облыста 285 шаруа қожалығына 1 миллиард 371 миллион теңге субсидия берілген. Бөлінген қаражат толық игерілуіне байланысты 51 қожалық бұл көмектен құр қалған. Бұл мәселе партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің тікелей бақылауымен бүгінгі күні оң шешімін тауып отыр.

«Шаруаларға субсидияның қаражаты осы шілде айында аударылатын болады»,- деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сәбитбек Алшынбеков.
01 шілде 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области