Қоғалыкөл ауылының дамуы қарқынды
Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Есеп беру жиыны барысында Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ракимбаев, Қоғалыкөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Дүйсенбаев жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Айта кету керек, Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша «Жерсу Агро» фермер қожалығы 1230 гектар күріш, 200 гектар мақсары, «Майарық» шаруа қожалығы 75 гектар күріш, «Сәулебек» шаруа қожалығы 25 гектар күріш, «Манабаева З» фермер қожалығы 50 гектар күріш, «Абдулла» шаруа қожалығы 125 гектар мақсары дақылдарын екті.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
– Агроөндірістік сектордада дамудың тұрақты тенденциясы байқалады. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту қажеттігін міндеттеді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім 11 айдың қорытындысы бойынша 11 миллиард 760 миллион теңгені құрап, 103,8 пайызға өскен. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Аудан бойынша 20 874 гектар күріш дақылынан 53,0 центнерден өнім алынып, барлығы 111 158 тонна астық жиналды. 2019 жылдың егісіне 5 180 тонна күріш тұқымы құйылды. Егін шаруашылығын субсидиялау бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдары 782 миллион теңгені игерді, - деген аудан басшысы шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг арқылы 1 миллиард 252 миллион теңгеге барлығы 32 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алғанын айтты.
Өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан әкімі алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ағымдағы жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілетінін жеткізді.Есеп беру жиыны барысында Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ракимбаев, Қоғалыкөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Дүйсенбаев жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді.