Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданындағы жаңа төселген асфальттың сапасы талапқа сай емес болып шықты

Арал ауданындағы жаңа төселген асфальттың сапасы талапқа сай емес болып шықты

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданындағы жаңа төселген асфальттың сапасы тиісті талапқа сай емес, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жол Бекарыстан би – Жаңақұрылыс бағытында салынған болатын. Жолдың ұзындығы 9 шақырым. Алайда сол бөліктен алынған 27 сынаманың барлығынан кемшілік анықталған.
Жоба бойынша жолдың қалыңдығы 6 сантиметр болуы тиіс. Бірақ мердігер 4 сантиметрден асырмаған. Асфальттың сапасы да төмен болып шықты.
Мамандар мамыр айында жол құрылысындағы олқылықтарды орнына келтіруге міндеттеген. Алайда сол уақыттан бері ештеңе өзгермеген.
Екі елді мекен арасын жалғайтын жолды жаңарту ауылдықтардың талай жылғы арманы еді. Оған мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінген.
Енді мердігер жолды қайта сүріп, жаңа асфальт төсеуі керек.
«Қазір қайтадан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, ешқандай қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Қалыңдығы әзірге сол күйінше, талапқа сай емес», – «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Ержан Усманов.
«Осы жерде анықталған кемшіліктердің бәрін мойындап, жоюға жұмыс жасаймыз», дейді мердігер Нұрлан Аманбаев.
02 шілде 2020 ж. 203 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области