Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр жастарының ұйымдастыруымен "менің елордам!" атты патриоттық акциясы өтеді

Сыр жастарының ұйымдастыруымен "менің елордам!" атты патриоттық акциясы өтеді

Kyzylorda-news.kz.Өңірде Елорда күніне орай облыс жастарының ұйымдастыруымен "Менің Елордам!" атты іс-шаралар топтамасы өтеді. Онлайн форматтағы 7 мерекелік шара "Сыр болашағы" ютуб каналында жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.

"Ел астанасы күні аясында өткізілетін барлық шаралар жастар ресурстық орталықтары және жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп онлайн форматта болады. Шараның бағдарламасына сәйкес жастардың мерекелік құттықтаулары, челлендждер, жас суретшілер байқауы, интеллектуалды ойындар және пробация есебіндегі кәмелетке толмаған жастарға « Кітап сыйла» акциясы жүргізілетін болады. Облыс бойынша әр түрлі форматтағы 40 іс-шара өткізілу жоспарлануда. Оның 33-і қала, аудан деңгейінде болса, 7-сі облыстық. Мерекелік шаралар легі жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған "АРТ" рухани-мәдени клубы мүшелерінің Астана күніне тартуы ретінде «Домбыра думан» атты акциясымен жалғасады",-деді Қуаныш Қуантқанұлы.
02 шілде 2020 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области