Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шілденің 3-і күнгі ауа райы болжамы

Шілденің 3-і күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмофесралық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Бүгін елдің басым бөлігінде күн күркіреп, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың тек батысы, оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солүстік-батыста түнде және таң ата тұман түседі.
Ақмола облысының бірқатар аумағында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының батысында ерекше өрт қауіпі сақталады.
03 шілде 2020 ж. 148 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области