Жалағашта Ресейге бет алған жүк көлігі өртенді

Оқыс оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының 1731 шақырымында тіркелді. Өзбекстаннан Ресейге бет алған «Mercedes-Benz Actros» маркалы жүк автокөлігі тіркемесімен өртенді.
«Жүк көлігінде сыпырғы тиелген. Ол толығымен жанды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті №11 өрт сөндіру бөлімінің 5 маманы мен 1 техникасы қатыстырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.