Қызылордада жанармай сақтайтын қоймадан өрт шықты

"9 тонналық 6 сыйымдылықтағы ыдыста 2 тонна солярка, 1 тонна бензин және 400 литр автол жанды. Өрт 11 сағат 44 минутта оқшауланып, 12 сағат 35 минутта жойылды. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін өрт орнынан аяқ-қолын күйік шалған "Бесарық "ЖШС-нің 1992 жылы туған жұмысшысы ауруханаға жеткізілді",- делінген хабарламада.
Өрттің орын алу себебі анықталуда. Оқиға орнына шығып, өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД, Полиция департаменті, жедел жәрдем бригадасы, "Қызылорда электр тарату компаниясы" АҚ-ның 18 қызметкері 7 техникасымен атсалысты.
