Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 6 айда аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар 3 есеге өсті

6 айда аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар 3 есеге өсті

Kyzylorda-news.kz.2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 3 есеге өсті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша өсім 10 пайызды құрады. Жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу 22 пайызға артты», - деді Нұрлан Жақсымбетов.
Оның атап өтуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нәтижелілігінің басты талаптарының бірі - қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке келген шығынды өтеу. Бұл ретте осы жылдың 6 айында агенттік қазынаға 33,2 млрд теңгені өтеді. Өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда бұл сома екі есеге артық. Соңғы 2,5 жылда 74,6 млрд теңге немесе анықталған залалдың 91 пайызы өтелген. Мысал үшін, бұл қаражатқа 37 мектеп немесе 70 балабақша салуға болады. Мемлекетке келтірілген залалды анықтау, оның жолын кесу және өтеу жөніндегі барлық ауқымды жұмысты агенттіктің небәрі 660 жедел қызметкері мен тергеушісі жүзеге асырады.
«2,5 жылдың ішінде олардың әрқайсысы орта есеппен 113 млн теңгені өтеді. Егер, бұл көрсеткішті жедел-тергеу бөлімшелері офицерлерінің ай сайынғы орташа жалақысымен салыстырсақ, бір қызметкерден 9 есе қаржылық қайтарым аламыз», - деп атап өтті департамент басшысы.
05 шілде 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области