Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медсақтандыру: Өкпеге компьютерлік томографияны тегін жасату неліктен қиын

Медсақтандыру: Өкпеге компьютерлік томографияны тегін жасату неліктен қиын

Kyzylorda-news.kz. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ өкпеге компьютерлік томографияны (КТ) тегін жасату неліктен қиын екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәлім етілгендей, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) бекітілген тарифтер бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландырады. Оған КТ және МРТ кіреді.
Бүгінгі күні ӘМСҚ-да КТ бойынша - 140-қа жуық, МРТ қызметі бойынша 100-ге жуық жеткізуші тіркелген. Бұл ретте, КТ қызметін көрсетушілердің дені - Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, МРТ бойынша - Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Қазір сырқаттанудың артуына байланысты КТ аппараттарының жетіспеушілігі байқалады. Бұл ретте, жеке клиникалар өкпенің компьютерлік томографиясына бағаны айтарлықтай арттырып жіберген.
«Тиісінше, осы қызметті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсету көлемі төмендеді, Себебі өнім берушілер оларды ақылы негізде ұсынуға мүдделі», - деді қордан.
Жабдықтардың қымбаттығына байланысты компьютерлік томография аппараттары көбіне орталық қалаларда орналасқан. Осы ретте, дәрігерлер диагностиканың балама түрі - рентген-зерттеуді ұсынады. Өңірлерде ол қолжетімді.
ӘМСҚ компьютерлік томография қызметтері сақтандырылған пациенттерге МӘМС жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетінін атап өтті.
«Ол үшін тиісті симптомдар болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну керек. Учаскелік дәрігер белгілерді анықтаған кезде, КТ-ның тегін қызметіне жолдама береді. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы өтеді және қор қаражатты төлейді», - деп нақтылады мекемеден.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша КТ және МРТ көрсетілген қызметтер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 есе, ал қаржыландыру көлемі – 7 есе (269 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін) артқан.
08 шілде 2020 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области