Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы өткір сезілді

Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы өткір сезілді

Kyzylorda-news.kz.Қызылорда дәріханаларына дәрі-дәрмектер жеткізіліп жатыр. Коронавирус, пневмония және жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырғандардың күрт көбеюінен өңірде дәрі тапшылығы айқын сезілді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жергілікті билік өкілдері дәрілер өткен аптаның аяғында әкелінеді дегелі тұрғындар дәріханаларды торуылдап жүр. Облыстағы 328 дәріханаға 7 жарым мыңдай фармтауар түрі әкелінеді екен.
Дертіне дауа іздеген жұртшылық қазір көбінесе парацетамол, аспирин мен қызу өлшегіш құралдарын сұрайды. Сала мамандарының айтуынша дене қызуын түсіретін бір жарым миллион қорап дәрі сертификаттаудан өткізіліп, таратылу үстінде. Сонымен қатар 1,2 миллион антибиотик және вирусқа қарсы 100 мыңдай қорап дәріханалар желісіне жіберілуі тиіс.
"100% деп айта алмаймын, бірақ дәрі келіп жатыр. Бүгін де мысалы, аспирин, мукалтин, амбро, цефазолин, цефтриаксон, метрид секілді біраз дәрілер түсіп жатыр. Пневмонияға ауруханада қолданылатын дәрілер кликсан, франкцерапинг, гепарин деген сосын 2 гормон бар олар дистрибьюторда жоқ. Оны бірақ ауруханада қолданылады, ауруханаларда болуы керек", - дейді дәріхана меңгерушісі Раушан Жүсіпбекова.
08 шілде 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области