Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

Kyzylorda-news.kz.Синоптиктер 9 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа ағынының әсерінен 9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті -шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз оңтүстігінде, Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде Алматы, Қарағанды, облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
09 шілде 2020 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области