Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

Қызылордада мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде эпид ахуалдың күрделенуіне байланысты қалада жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топтар қызмет көрсетуде.
№ 6 қалалық емханадағы мобильдік топ қызметінің жұмысы жүргізілуде.
Бұл емхана 65 214 тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық нысанға қарасты аумақ үлкен болуына байланысты аймақтарға бөлініп, наурыз айынан бастап 4 мобильді топ бекітілген. Ал емханада арнайы құрылған Call орталықта 4 оператор шақыртуларды қабылдап, жауапты мобильдік топ дәрігеріне науқастың мекен-жайы мен жағдайын хабарлайды.
Дәл қазіргі уақытта Call орталыққа күніне 200-220 шақырту түсіп, әр дәрігер кем дегенде 50-ден астам пациентке көмек көрсетеді.
«Шақыртулардың 90 проценті салқын тию, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтелге байланысты болып отыр. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса, кезекші ауруханаға тасымалдайды. Арнайы мониторинг барысында пациенттердің 70 процентіне ЖРВИ, 20 процентіне пневмония диагнозы қойылатыны анықталды. Айта кету керек, пневмониямен ауырған сырқаттарға дәрі-дәрмек тегін берілуде және науқастар үй жағдайындағы күндізгі стационарда емделуде. Дәрі-дәрмек жеткілікті», – деді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жалғасбаева.
09 шілде 2020 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области