Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

11 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні
БҰҰ-ның бастамасымен 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ дамыған мемлекеттерде халық саны көбеймейді, бұл көрсеткіш 1,2 млрд деңгейінде сақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекетте тұрғындар саны 2005 жылмен салыстырғанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары - 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру жасы 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.

1894 жылы Транссібір темір жолы арқылы Петропавл қаласына алғашқы пойыз келіп жетті. Теміржол қатынасының қалыптасуы бұл өлкенің экономикалық дамуына жасалған негізгі қадам болатын.

1977 жылы Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық реформалау аясында «Қазақстанэнерго» ұлттық холдингі базасында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company - KEGOC) құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.
11 шілде 2020 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области