Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ


    Қармақшы ауданында халықты медициналық қамту жұмыстары жолға қойылды. Осының арқасында тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2016 жылдың 9 айында орташа өмір сүру 70,5 жас болса, 2017 жылы 9 ай қорытындысымен 71,3 жасты құрады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
    Ал, өлім-жітімнің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіші өткен жылы 4,0 болса, 2017 жылы 3,5-ке түсіп, төмендегені байқалады.
    Медициналық қызметтің басты бағытының бірі аудан тұрғындары  арасында  туберкулез ауруын азайту  болып отыр.
    2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 100 мың тұрғынға шаққандағы өкпе туберкулезімен аурушандық көрсеткіші 35,2 құрады, ал 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  аурушандық көрсеткіші 44,6 пайызды құраған немесе 21,1 пайызға төмендеді.
    Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды.

21 қараша 2017 ж. 824 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области