Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 7 типтік мал қорымы салынады

Қызылордада 7 типтік мал қорымы салынады

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде 83 типтік жобадағы мал қорымы бар болса, биыл типтік жоба бойынша Аралда 5, Жалағашта 2 мал қорымы салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
Қазіргі таңда қажетті 96,9 мың бас мүйізді ірі қара, 236,8 мың бас уақ мал, 9,3 мың бас түйе, 1,1 мың бас шошқаның құлақ жапсырмаларына тапсырыс берілді, 6 айда «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 22738 ветеринариялық анықтамалар рәсімделіп, мемлекеттік қызмет көрсетілді»,- деді Ерсұлтан Амантайұлы
Сондай-ақ әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы, 54,0 млн теңге бөлініп, қазіргі күні 10194 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылды.
Үстіміздегі жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5552,4 мың доза ветеринариялық препараттың 5524,6 мың дозасы немесе 99,5% уақытылы тасымалданып жеткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес 6 айлық алдын ала егу жұмыстары толық орындалды.
10 шілде 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области