Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жасайды

Kyzylorda-news.kz.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жолдау жариялайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», – деді Президент.
Үкімет пен әкімдерге пандемия кезінде қабылданған шараларды түсіндіруде олқылықтар жібергені үшін шүйлікті. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты.
«Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек», – деді.
Бұдан бөлек Үкімет пен әкімдерге тұрақты жұмыс орындарын көбейту міндеті жүктелді.

10 шілде 2020 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области