Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамин карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты

Мамин карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты

Kyzylorda-news.kz. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда, Қазақстанның басқа өңірлерінде карантиндік режим жеңілдетіліп, кәсіпорындар жұмысын бастайды. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Премьер-министр 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі жеңілдетілгенін еске салды.
«Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», – деді деді Мамин үкімет отырысында.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі.
«Мұндай жұмыс елдің басқа да өңірлерінде де жүргізіледі. Дегенмен бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады», – деді премьер-министр.
21 сәуір 2020 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области