Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан ішінде қатынайтын жолаушы пойыздары толық тоқтады

Қазақстан ішінде қатынайтын жолаушы пойыздары толық тоқтады

Kyzylorda-news.kz. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы толық тоқтатылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр. Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ақшасын алдағы алты ай ішінде өздеріне ыңғайлы кез келген күні толық көлемде қайтарып ала алатынын айтады. Жүрмеген пойыз билетінің ақшасын сату сайттарында онлайн, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында немесе жекеменшік кассалардан қайтарып алуға болады.
12 наурыздан бері жолаушыларға 590 мыңға жуық билет қайтарылған. Карантин режимі аяқталған соң билет сату кассалары өз жұмысын қайта бастайды.
«Осыған байланысты, барлық жолаушылардан қоғамдық орындарда теміржол билеттерін қайтаруға байланысты шу шығармай, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз» деп мәлім етті компаниядан.
02 сәуір 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области