Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар пойыз билеттерін жаппай өткізіп жатыр

Қазақстандықтар пойыз билеттерін жаппай өткізіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев қолма-қол ақшаның жетпеуінен билет ақшасын қайтару процесіне түсіністікпен қарауды сұрады.
«16 наурыздан бастап уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, жолаушылар пойыздарына, оның ішінде шетелдіктердің республикаға аумағына кіруіне және дипломатиялық қызмет персоналы мен локомотив бригадалары сынды жекелеген топтан өзге тұрғындардың елден шығуына шектеу қойылды. Бұл жағдайда компания 9 мемлекетаралық пойызды тоқтатып, 7 пойызда Қазақстан шекарасы маңындағы бағыттар қысқарды, көршілес теміржол әкімшіліктерімен 23 пойыз тоқтатылды», - деді А. Айтбаев тілшілерге берген сұхбатында.
Тоқтатылған пойыздар туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады.
«Сонымен бірге, компания өз клиенттеріне көмектесу мақсатында, алдын ала берілген мемлекетаралық билеттердегі ақшаны қайтару туралы шешім қабылдады. Мемлекетаралық пойыздардың тоқтатылуына байланысты, біздің кассаларымызға өте көп билет қайтарылып жатыр. Мұндай жағдайда билет кассаларында қосымша қаражат қарастырылған, белгілі бір кассаларда қолма-қол ақша жеткіліксіздігін қоспағанда, қаражат жолаушыларға дереу қайтарылуда. Мұндай жағдайларда, билеттің күші жойылады және жолаушы кез келген өзіне ыңғайлы уақытта ақшасын алып кете алады. Билет кассаларындағы ауқымды жүктеме үшін жолаушыларымыздан жағдайда билет қайтару процесінде түсіністік пен шыдамдылық танытуын сұраймыз», - деді Алмас Айтбаев.
17 наурыз 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области