Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жолдауды орындауға бірінші басшылар жауапты болады

Жолдауды орындауға бірінші басшылар жауапты болады

Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бірінші басшылар жауапты екенін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Президенттің әрбір тапсырмасын орындау қатаң бақылауға алынып, орындаудың нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек", - деді Мамин үкімет отырысында.
Премьер жолдаудағы барлық бағыт бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленетінін атап өтті.
"Жолдаудың іске асырылуы толығымен қаржылай қамтамасыз етілуі қажет", - деді ол.
Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға іс-шаралар жоспарына қатысты ұсыныстарды ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін өткізуді тапсырды. Ал министрлік тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте үкіметке енгізуі керек.
Маминнің айтуынша, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын президентке бекітуге енгізу үшін ол келесі отырыста мақұлдануы тиіс.

03 қыркүйек 2019 ж. 333 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области