Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19: Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні

COVID-19: Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы келесі күні қол қойды.
«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде.
Президент бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керектігін айтты.
Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы қосымша шараларды да атап өтті: нақтырақ айтқанда, елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек күшейтіліп, ауруханаларда төсек орындарының саны арттырылады. Қолданыстағы зертханалар тестілеуге қол жетімділікті арттыру үшін қайта жабдықталып, ПТР-тестілеу үшін 8 мобильді орталық құрылады. Ондай орталықтар ауыл-аймақтарда да ашылмақ.
12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын 58 253 адам жұқтырған. 33814 адам жазылып шығып, 375 адам көз жұмған.
13 шілде 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области