Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сайдселим Хазуев: Барша отандасыма сабыр тілеймін

Сайдселим Хазуев: Барша отандасыма сабыр тілеймін

Kyzylorda-news.kz.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасады.
Президент кезекті үндеуінде пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемаларды айтып өтті.
Расымен бүгінгі таңда коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. «Себебі бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқылдап шығатын дерт. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда барша отандастарымызға сабыр тілеймін. Бүкіл күш жігерімізді жинап, бірлігімізді берік етіп, індетпен күресейік. Жалған ақпаратқа сенбей, нақты, дәрігерлердің нұсқауымен айтылған бірізді мәліметтерге ғана сенейік дегім келеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы үндеу барысында 13 шілде - ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Өте дұрыс, әрі халықтың ойымен санасқан шешім болды. Осы індеттің кесірінен қаншама адам ет-жақындарынан айырылды. Еліміз талантты тұлғаларын мәңгіліп сапарға шығарып салуда. Барлық отбасыға сабыр тілеймін.

Біріксек біз бұл індетті де жеңіп, бұрынғы жайма-шуақ күндерімізге қайта ораламыз. Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, барынша сақтық шараларын ұстанғаны жөн.

Сайдселим Хазуев,
Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің жетекшісі.
09 шілде 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области