Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қылышбай Бисенов: Төтенше жағдай аяқталды деп босаңсуға болмайды

Қылышбай Бисенов: Төтенше жағдай аяқталды деп босаңсуға болмайды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді.
«Бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған отырыста.
Расымен елдің дәл қазіргі жағдайында асығыс шешім қабылдауға болмайды. Себебі өңірлердегі жағдай әр түрлі. Бұл біздің өз денсаулығымыз үшін аса маңызды.
Сонымен қатар, кеше Қызылорда облысында да бас санитардың №12 қаулысы шықты. Аталған құжатта өңірде карантин режимі біраз жеңілдетілген және бұл кезең-кезеңімен жеңілдетіле беретіні айтылған. Халыққа қажетті деген қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарының ашылуына рұқсат етілді. Ал ойын-сауық орталықтарына баруды біздің жағдайымызда тоқтата тұрғанымыз абзал. Себебі, тұрғындардың өмірі мен денсаулығы маңызды.
Елімізде төтенше жағдай аяқталды екен деп босаңсуға болмайды. Біз қайткенде де сақтық шараларын әлсіретіп алмауымыз қажет. Өйткені, індет қаупі толықтай сейілген жоқ. Әрдайым бетперде тағынып, антисептикалық құралдарды пайдаланып, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті ұстануымыз керек. Сонымен қатар, мүмкіндігінше үйде болайық. «Күннің жаманы кетер» демекші, жағымды жаңалықтар көп болсын.

Қылышбай БИСЕНОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.
11 мамыр 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области