Қуаныш Дәуренбеков: Бізді толғандырған сауалдарға толыққанды жауап берді
Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жарияланды. Онда Президент бүгінде әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігі үшін еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылатынын жеткізді.
Бұл орын алып отырған қазіргі қиындықтардан туындаған жайт. Өкінішке орай індеттің шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Бір сәтте карантиндік шараларды алып тастаған жағдайда осы уақытқа дейін қол жетізген жетістіктеріміздің бәрі, нақты айтқанда вирустың тарау жағдайын бақылауда ұстау зая болады және ауруға шалдығудың жаңа толқынымен бетпе-бет келеміз.
Дегенмен, коронавирустың таралуымен байланысты ахуал бақылауда тұрған облыстарда және қалаларда карантин режимі жеңілдетілуі мүмкін.
Ең алдымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс режиміне көшеді.
Балалардың ойын алаңдарына шығуы, саяжай иелеріне учаскеде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру және халықтың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастырудың өзге де маңызды мәселелері талқыланып жатыр.
Сондықтан ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінуде. Мемлекет басшысы осы айтылған мәселелердің оң шешілуін үнемі бақылауда ұстап отыр.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мектептер мен колледждер, жоғары оқу орындары үшін қашықтықтан оқу режимі сақталатынын айтты. Расымен, біз бірінші кезекте балалардың жағдайын, олардың денсаулығына баса назар аударуымыз қажет. Сонда ғана бұл кеселдің алдын алып, оның одан әрі белең алуына тосқауыл бола аламыз.
Қазіргі таңда «Болашақ» университеті 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу үдерісін сәтті ұйымдастырып келеді. Келесі аптадан бастап онлайн режимде емтихан сессиялары мен 11 мамырдан бастап мемлекеттік аттестаттау комиссиялары жұмысы басталады. Қазіргі таңда аймақтық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы «Болашақ» сабақтары айдары да өз жұмысын белсенді жүргізуде.
Мұның барлығы Мемлекет басшысының халық денсаулығын сақтау жолында қойылған міндеттердің бірі де бірегейі.
Біз, жоғары оқу орындары профессор-оқытушылары мен білім алушылары еліміздің амандығы мен қауіпсіздігі үшін шығармашылық қабілетті арттыруда үлкен мәні зор қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу үдерісін төтенше жағдай кезінде жүргіземіз.
Мен Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдаймын.
Қуаныш ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Болашақ» университетінің ректоры.