Серікболсын Мәденов: «Еліміздегі Төтенше жағдай кезінде Отан алдындағы парызымды өтеуге дайынмын»
Kyzylorda-news.kz. Бүгінде бүкіл әлем қиындыққа тап болды. Бұл қиын сәт біздің де елімізді айналып өтпеді. Осы жағдай кезінде мен үшін де нәубетті еңсеруге, халыққа көмек көрсету мүмкіндігі туды.
Анығын айтар болсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығын орындап, ел алдындағы парызымды өтейтін боламын.
Отансүйгіш азамат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығын қолдаймын. Тек мен емес, Отан алдындағы борышын өтеп келген әрбір қазақстандық қолдайды деп ойлаймын. Негізі әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті, әрі ел басына күн туған уақытта жұмыла әрекет етуі қажет.
Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру шарасы карантин жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Төтенше жағдай режимін ұстап тұруда мемлекетке жәрдемдесу үшін қажет. Бұл шараны жұмылдыру ісімен шатастырмаған жөн.
Мұндай жиындар жыл сайын әр өңірде пайдаланып келе жатқан тәжірибе екені белгілі. Жалпы әрбір азаматтың ойында елде қандай да бір қиындық болса алдыңғы шептен көрінуге тырысатынына сенімім мол. Мен де еліміздегі төтенше жағдай кезінде Отанымызға бар күш-жігеріммен көмек көрсетуге дайынмын.
Жарлыққа сәйкес әскери міндетті азаматтар медициналық қызмет атқаруға, оның ішінде дезинфекциялау жұмыстарын атқаратын болады.
Сонымен қатар, олар су тасқынымен күресіп, елді мекендерде және бекеттерде құқықтық тәртіпті күзетуге жәрдемдеседі.
Серікболсын МӘДЕНОВ,
Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы
Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы