Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әскерге денсаулығы жарамаған азаматтарға емделуге мүмкіндік беріледі

Әскерге денсаулығы жарамаған азаматтарға емделуге мүмкіндік беріледі

Қармақшы ауданы әкімдігінің тероризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы борышын өтейтін азаматтармен және олардың ата-аналарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.Шарада аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев Отан алдындағы азаматтық борышын өтетін азаматтарға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін аткарушы Тұрғанов Рүстем Маматұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға, аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерманов Асқар қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Қазіргі таңда әскерге көктемгі шақыру кезеңіне аудандық медициналық комиссиядан өтіп, облысқа жолдама алған жастар Отан алдындағы борыштарын ақтық демдері қалғанша өтеуге дайын екендерін жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде немесе басқа да әскери құралымдарда қызмет ету үшін денсаулық жағдайы талаптарына сәйкес өте алмай қалған азаматтар үшін емделуге 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзім беріледі. Емделгеннен кейін аталған азаматтар қайта медициналық тексерістен өтіп, егер жараса әскерге жеберіледі.
16 сәуір 2019 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области