Қызылорда: Оңалту орталығы ҮЕҰ-мен жұмысы тұрақты

Атап айтар болсақ, Проон БҰҰ ДБ-ның Қызылорда облысы бойынша менеджері Баян Егізбаева орталықтың ауласына жылыжай орнатып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Қазіргі таңда жылыжай өнімдері орталықтың сәнін келтіруде. Сонымен қатар жастардың бағдаршамына айналған «Zhas Project» бағдарламасы аясында жоба құру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдардама орталықтағы жастардың мақсатын жүзеге асыруға мол мүмкіндік берді.
Оңалту орталығында өмірге, тұрмысқа бейімдейтін еңбекке баулу бағдарламасы барысында қызмет алушылар қолөнермен айналысады. Бағдарлама кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылады. Жалпы, орталықта түрлі тақырыпта көрме, жәрмеңкелер үнемі ұйымдастырылып тұрады. Солардың бірқатары «Pro BONO» қоғамдық қорының төрағасы Павел Горбачевтың қолдауымен өтті. Оның көрмедегі бұйымдары қызмет алушылардың жұмыс жасауға ынтасын оятады. Сонымен қатар «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының және оңалту орталығының ұйымдастырумен сурет, қолөнер бұйымдары жұмыстарының бірнеше көрмелері ұйымдастырылды.
Ал «Қызылорда волонтер» қоғамдық қорының төрайымы Ольга Чебакова еріктілермен бірге орталықтың қысқы саябағын жабдықтады. Сонымен қатар орталық ауласынада сенбілік ұйымдастырды.
Қаладағы «Арылу» қоғамдық қоры орталыққа сый жасады. қоғамдық қор төрағасы Владимир Юн қызмет алушылардың бос уақытын тиімді пайдалынуы үшін тігін машинасын сыйға тартты. Ал пішу тігу бойынша ерікті Гүлмира Мұхамедова тегін дәріс өтсе, түрлі моншақтардан қолөнер бұйымдарын жасауда ерікті Елена Захарченко сабақ өтті.
«Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Ақиқат айнасы» қоғамдық қоры қызмет алушыларға ұялы телефон жөндеуді үйретіп, олардың кәсіп жасауына ықпал етті. Қазіргі таңда олар алған ілімін өз кәделерін жаратуда. Мүмкіндігі шектеулі жандармен тығыз жұмыс жасайтын «Ұшқын» қоғамдық қоры орталықта қызмет алған 100-ге жуық жанды жұмыспен қамтыды. Бүгінде олар тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.
Орталықта қазргі заман талабына сай кәсіпті игерген, білім көкжигені кеңейткен жандар да жоқ емес. мәселен, «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ағылшын тілі, бизнес, психология пәндері және компьютер курсы, іс қағаздарын жүргізу, фото видео монтаждау, жиһаз жинау және пластик құрастыру істері бойынша қашықтықтан оқыту курсының алғашқы сабақтарын өткізді. Бұл дәрістерді орталықтың 100-ден аса қызмет алушы алып, оларға сертификаттар табысталды.
Орталықта ем алып, сондай ақ өз кәсіпкерін ашқан жандарда бар. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет алушыларды кәсіпкерлікке бейімдеу, біліктілігін жетілдіруге байланысты арнайы курсты оқытып, сертификат табыстады. Олар қайтарымсыз несиемен өз кәсіпкерін бастап, бүгінгі күні өз істерін дөңгелетуде. Атап айтар болсақ, Н.Мүсілімова, С.Сиюов және М.Шуетов арнайы курсты тәмамдап, өз кәсіптерін жүргізуде.
Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлік саласы жанданып келетіні белгілі. осы саланы жетілдіру, халықты өз кәсібіне баулу ісі нақты жолға қойылған. Осыған байланысты орталықта қызмет алушыларды да кәсіпкерлікке баулу ісі тұрақты түрде жүзеге асып келеді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметіне жүгінген орталық қызметкерлері де қазіргі күні өз кәсібінен береке тапқан. Орталық қызмет алушысы Т.Ақмағанбетова бизес жоспар құру, кәсіп ашу, жеке кәсіп алуға жәрдемдесу, кеңес беру мақсатында жүргізілген жедел оқыту курсын оқып, қайтарымсыз несиемен кәсіп бастады.
Сондай-ақ қаладағы сән салондары да өз қызметтерін тегін көрсетуде. Мәселен, «Алмусаева», «Карла», «Әли», «Asel Stilist», еріктілер тобы ұйымдастырған «Әлем сізбен әдемі» сән салонының шеберлері орталықтың қызмет алушыларына шаш қию, бояу, бет әрлеу қызметтерін бүгінгі күнге дейін тегін жасауда. Мұндай игі істер әлі де жалғасын табатыны сөзсіз.
Ақмарал МЫҒЫМБАЕВА,
Қызылорда облыстық оңалту орталығының еңбек нұсқаушысы
Қызылорда облыстық оңалту орталығының еңбек нұсқаушысы