Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАМҚОРЛЫҚ

ҚАМҚОРЛЫҚ


Тағдыр тауқыметін тартқан қоғам мүшелері де мемлекеттік көмектен құр қалған емес. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту бағытында түрлі жәрдемақылар тағайындалып келеді. Жалағаш ауданында 1019 мүгедек жан бар екен. Оның ішінде І топтағы – 76, ІІ топтағы – 298, ІІІ топтағы – 415-ті құрайды. Ал 18 жасқа дейінгі 230 мүгедек балалар тіркелген.
Айта кету керек, мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Жыл басынан 399 мүмкіндігі шектеулі жан міндетті гигиеналық құралдармен, 17-сі санаторлы-курорттық емдеуге жолдама берілсе, қалғандары тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және қолтаяқ, балдақ, жетек арба, кресло арбамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, есту кемістігі бар 4 мүгедекке, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 86 мүгедекке «Сыр шарапаты» қоғамдық қоры арқылы қызмет көрсету жолға қойылған.
Сонымен қатар, биыл 32 мүмкіндігі шектеулі азамат облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіріп, өтініштер оң шешімін тапты. Тіпті, бірнеше жыл бұрын бұл санаттағы азаматтарды алыс-жақын жерлерге тасымалдайтын «Инва такси» қызметі де іске қосылып, күні бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіп келеді.
Жалпы, мүгедек балаларды үйде оқыту, оларға әлеуметтік қызмет көрсету, тиісті жәрдемақы төлеу бағытындағы жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді.
14 тамыз 2018 ж. 935 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области