Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ПАНДУСТАР БОЛУЫ ТИІС

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ПАНДУСТАР БОЛУЫ ТИІС


    Облыс аумағында жүргізіліп жатқан «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы барысында Жергілікті полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызмет саласының мамандарымен бірлесіп, көше-жол жүйесінің техникалық және эксплуатациялық жайын, медициналық мекемелердің, сауда орталықтарының, вокзал, әуежайлар мен халық көп жүретін басқа да аумақтардың  мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жеткілікті жабдықталуын тексерді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
    Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған бағдаршамдар орнатылған.  Сауда орындары мен қызмет көрсету мекемелерінің талаптарға сай келетін мүгедек жандарға арналған пандустар мен тұрақ орындарымен толық қамтамасыз етілуі үшін құзырлы органдарға ұсыным хаттар жолданды.
    Сонымен қатар, қала көлеміндегі қоғамдық автокөліктер тексеріліп, мүгедек жандар үшін жасалған жағдайлар жайы, автобусқа түсіп-мінуі үшін қолайлы  пандустармен қамтамасыз етілуі назарға алынды.
    Тексеру барысында 48 қызмет көрсету мекемесі мен сауда орындарының аумағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орындарымен қамтамасыз етіліп, арнайы жол белгілері орнатылғандығы анықталды. Сонымен қатар, облыс аумағындағы 112 автобус физикалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталғаны белгілі болды.


06 желтоқсан 2017 ж. 663 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области