Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ


«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев бастаған ауған соғысының ардагерлері игі істің ұйытқысы болды. Олар төсекке таңылған азаматқа қоларба сыйлады.
І топ мүгедегі Үрекбай Нұрсейітов бүгінде бел омыртқа зақымы салдарынан екі аяғынан айырылып, төсекке таңылған. Тұрмыс жағдайы да орташа. Екі бөлмелі пәтерде жұбайы және қызымен тұрады.
1986 жылы «КызылордаСтрой» трестіне қарасты «СуЖолСтрой» мекемесінде өндірістік жарақат алып, оған І топ мүгедектігі берілген. 2014 жылы курорттық емделуге, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне және оңалту орталығына мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген. Алайда, бүгінгі күні өндірістік жарақат алған мекеменің тарап кетуіне байланысты әлеуметтік қолдауларға қол жеткізе алмай отыр. Нұротандықтар барлық жағдайыды ескеріп, Үрекбайдың кресло-қорапқа мұқтаж екендігін анықтап, оның көңілін сұрай келіп, қоларба табыс етті.
– Өзімнің қоларбам әбден ескірген. Мұнымен сыртқа шықпақ түгелі үйде жүруге қорқасың. Рамазан айында мені елеп-ескеріп сыртта жүруге қолайлы арба әкеліп отырған сіздерге алғысым шексіз. «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасап жатыр. Біз шексіз ризамыз», - деді көзінен қуаныштың оты сезілген Үрекбай Нұрсейітов.
– Партия қабылдауына Қыдырбай Сапарәлиев деген азамат өзін Ауған соғысының ардагері ретінде таныстырып қоңырау шалды. Ол қоларбаға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік көрсетуге дайын екендігін айтты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініші кезек күттірмейтін мәселе. Біз дереу мұқтаждарды анықтауға кірістік. І топ мүгедегі Үркебайдың өтініші осылайша шешімін тауып отыр.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы – халықпен байланыстың тиімді арнасы болғандықтан, тұрғындардың түрлі өтініштермен партияға келуі, партияға деген сенімділік болса біздер үшін зор жауапкершілік»,- деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгершісі М.Баекеев.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық партия филиалының қабылдауына тұрғындардан 1377 өтініштер түсіп, олардың 502-і, яғни, 36,5 пайызы оң шешілген.



07 маусым 2018 ж. 600 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области