17 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1998 жылы 17 шілдеде Халықаралық қылмыстық істің Рим статуты қабылданғандықтан бұл мереке осы күні аталып өтіледі. Әр жылы әр елдің құқық қорғаушылары осы күнге арналған түрлі шара өткізеді. Рим статуты - Халықаралық қылмыстық соттың негізгі құжаты. Бұл құжатпен жұмыс 1948 жылы басталған. Тек жарты ғасырдан кейін ғана ол ресми қабылданған. Оған 111 мемлекет мүше.
1998 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу туралы меморандумға қол қойылды.
2006 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі «Қазақстан петроглифтері» сериясы бойынша «Күйме» деген атаумен коллекциялық күміс шақаны сатылымға шығарды. Шақаның дизайнында біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысынан бізге жеткен «Күйме» петроглифінің деталі қолданылған. Номиналы 500 теңгелік шақа 3 мың данамен шығарылған, олардың әрқайсысының бағасы - 3 мың теңге. Бұл монета - «Қазақстан петроглифтері» сериясы бойынша шығарылып отырған жетінші шақа. Оның салмағы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм. Сапа сертификатына ие.
2016 жылы Қазақстанда жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.