17 шілде: Атаулы күндер
1998 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу туралы меморандумға қол қойылды.
1999 жылы «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін (Негізгі бөлім) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
2003 жылы екінші «Хан-Тәңірі-2003» фестивалінің шеңберінде Хан-Тәңірі шыңының баурайында құтқарушылардың бірінші халықаралық слеті өтті. Слет 7 тамызға дейін жалғасты.
2006 жылы Қазақстанда алғаш рет зейнеткерлерге несие беру жөніндегі жоба іске қосылды.
2006 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі «Қазақстан петроглифтері» сериясы бойынша «Күйме» деген атаумен коллекциялық күміс шақаны сатылымға шығарды.
2007 жылы Алматыда «Алпысбай Қазығұлов. Кескіндеме» альбомының таныстырылымы өтті.
А.Қазығұлов - Қазақстанның танымал суретшісі, ол абстракционизм және сюрреализм жанрында жұмыс істейді, Алматыда тұрады және қызмет атақарады.
Суретші Қызылорда облысы Арал ауданында 1958 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Бельгия, Нидерланды, Жапония, Ресей сәулет өнерінің кәсіби шеберлерінің көрмесіне қатысушы. 2003 жылы әлем өнеріне қосқан үлесі үшін Еуропалық өнер унциясының Масарик атындағы құрметті сыйлығының иегері атанды.
2009 жылы Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «Қазақстан: Ғасырлар асуында» ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрді.
2010 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне қатысты.
2010 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикада сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануды бастау мерзімін 2010 жылғы 13 тамыздан 2012 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.
2012 жылы Қазақстанда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасын іске асыру барысының мониторингі бойынша ұлттық сараптау кеңесі құрылды, ол жер сатып алуды, шағымға ден қоюды, қоршаған ортаға құрылыстың әсерін бақылауды жүзеге асыратын болады.
Мониторинг бес облысты қамтиды - Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы, олар бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі өтеді.
2016 жылы Қазақстанда жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.