2 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1998 жылы Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды.
2003 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.
2003 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізі түбін екі ел арасындағы межелеу туралы Келісімді және осы келісімге хаттаманы бекіту туралы» Заңға қол қойды.
2014 жылы Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ашылды. Бұл Орталық Азиядағы бірегей жоба. 74 мың шаршы метрден астам аумақта Қазақстанның археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері жиналған. Ұлттық музейде Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, алтын залы, көне және ортағасырлық тарих залы, тарих залы, этнография залы, қазіргі заман өнері залы бар.
2014 жылы тек қазақстандық музыкаға арналған Gakku TV телеарнасы өз жұмысын бастады.