Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

7 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

Испанияда республика күні
Қазақстан Республикасы мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды.
1947 жылы
жазушы, ақын Иран-Ғайып Оразбаев дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтының (Мәскеу қаласы) Жоғары курстарын бітірген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері, Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулык сақтау министрлігінің аса озық драматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақын-драматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде «Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды.

1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік монополия қызметін шектеу және жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау комитеті құрылды.

1997 жылы Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті.

2014 жылы Қазақстанда алғашқы «Дүниежүзілік бокс академиясы» спорттық-оқыту кешені ашылды.

2017 жылы белгілі боксшы Геннадий Головкин өзінің атындағы спорт кешенін ашты. Айта кету керек, мұндағы барлық секциялар тегін.
Үшқабатты жаңа ғимаратта 25 метрлік бассейн, ауыр атлетика залы, трибунасы бар ойын залы, боксқа арналған зал, екі футбол алаңы бар. Спорт кешенінің аумағы - 2384,3 шаршы метр.
07 маусым 2019 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области