Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесі

9 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесі


1994 жылы
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін және ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» Жарлығы жарық көрді.

2002 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әкімшілік және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы» Жарлығы жарық көрді.

2002 жылы ҚР Президенті Үндістанға ресми сапар жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сапары барысында Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы көше ашылды.

1925 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

1935 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті төралқасы Республиканың негізгі ұлтының атауын орыс тілінде «казахи», ал республика атауын «Казахстан» деп жазу жөнінде қаулы етті. Мұнан бұрын «казаки», «Казакстан» деп жазылатын.

1985 жылы Қазақстан жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықты бекітті.

2000 жылы Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» таңдаулы өлеңдер жинағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1931 жылы 9 ақпанда ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері МАҚАТАЕВ Мұқағали дүниеге келді.
Алматы облысы Райымбек ауданында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1952-1969 жылдары Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосының дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған.
Ақынның тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылы жарияланған. Оның «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Арман», «Шолпан», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма толғаулары мен 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлендіріп, интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали Мақатаев поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Оның «Қош, махаббат» жинағына әр жылдар жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын», Е.Евтушенко, А.Акопян, Ф.Моргун, У.Уитмен, Р.Бернс, Ф.Ансаридің өлеңдерін тәржімалаған. Оның өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында ескерткіші бар. Туған ауылы Қарасазда мұражайы ашылды. Қазақстан Жазушылар одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына берілетін Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.
09 ақпан 2019 ж. 646 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области