Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» деген атаумен дербес газет болып шыға бастады.

2006 жылы Қазақстанда «Құрметті машина жасаушы» белгісі тағайындалып, ол ҚР Индустрия және сауда министрінің атынан берілетін болды.

2011 жылы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Сәкен Сейфуллин» энциклопедиясының тұсаукесері болды. Бұл еңбек Қарағанды қалалық «Болашақ» университетінің Орталық Қазақстан гуманитарлық институтының бастамасымен жарық көрген.

2012 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР сапары кезінде Берлиндегі Қазақстан елшілігінің жаңа әкімшілік ғимаратында болды. Ғимарат қазақтың киіз үйінің жабдықтарымен безендірілген.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.


08 ақпан 2019 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области