ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ
Мемлекет Басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаев, қала көлемінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есебін беруде.
Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда Белкөл және Тасбөгет кентінде басталған есеп беру кездесулері, бүгінгі күнге дейін Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақжарма, Ақсуат, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтерінде өткізілді.
Кездесу барысында, қала әкімімен қатар кент және ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция қызметкерлері де өз есептерін беруде.
Кездесу барысында кент, ауылдық округ тұрғындары қала және ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, ауыл тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды өздерін толғандырып жүрген сұрақтары мен сауалдарын ортаға салуда.
2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар, есепті кездесулерде көтерілген сұрақтар мен өзекті мәселелер туралы толық ақпарат жергілікті БАҚ құралдарында жариялануда.
Қала әкімі Н.Нәлібаевтың қала тұрғындарымен қорытынды есеп беру кездесуі 2 ақпан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.