Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

24 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар


1991 жылы Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы» Заңы қабылданды. Заңға сәйкес, Министрлер Кабинетінің мәртебесі, құрылуы мен құрамы, сондай-ақ негізгі міндеттері мен өкілеттілігі анықталды. 1995 жылы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілді.

1999 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі өтті.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Елбасы «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
25 маусым 2019 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области