Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев Байқоңыр қаласының мәртебесі жөніндегі заң жобасын ратификациялады

Тоқаев Байқоңыр қаласының мәртебесі жөніндегі заң жобасын ратификациялады

Kyzylorda-news.kz. Бұдан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Мемлекет басшысы «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
«Мемлекет басшысы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беруге бағытталған және орта білім беру ұйымына бекітілген дене сауықтыру және спорт құрылыстарын жалға алушыға беру құқығын беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
22 сәуір 2019 ж. 512 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области