Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

15 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық отбасы күні.
1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

1934 жылы 15 мамырда ақын Мешітбай Құттықов дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1958-1987 жылдары ішкі істер саласында қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы Қазалы, Арал аудандық мемлекеттік автоинспекциясының бастығы қызметін атқарған. 1987 жылдан «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары болып істеген. Оның тұңғыш өлеңдері баспасөз бетінде 1948 жылы жариялана бастады. М.Құттықовтың «Құс жолы», «Ар-намыс», «Мазасыз түндер» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы жарық көрген. Ақынның «Айқас» поэмасы 1971 жылы республикалық әдеби байқауда бірінші орын алған.
1992 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом қуаты жөніндегі агенттігі құрылды.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды.

2006 жылы Алматыда басталған «Қазақстандағы PR күндері» мерекесі шеңберінде тұңғыш рет студенттік «PR-сейшн» отырысы өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс мамандарын дайындайтын республикадағы озық жоғары оқу орындарының оқытушылары және ПР-агенттіктердің басшылары мен осы мамандықта оқитын студенттер коммуникативті сала мамандарын даярлау мәселелерін қарастырып, пікір алмасты. Шара барысында қазақстандық «PR-шы» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында өткізілетін «Ең үздік ПР-жоба» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында танымал қазақстандық суретші Ералы Оспанұлының «Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары» кітабының таныстырылымы болды.
15 мамыр 2019 ж. 614 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области