Арал ауданында кадрлық өзгерістер болды
Арал ауданында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арал ауданы әкімінің өкімімен Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына Рахметжан Бисембаев тағайындалды.
Бисембаев Рахметжан Темірұлы – 1987 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2009 жылы «Азия Экспресс» мекемесінде қаржы саласы бойынша кеңес беруші болып бастаған.
2009 - 2018 жылдар аралығында «Альянс Банк» акционерлік қоғамының орталық бөлім маманы, қызмет көрсету секторының бас маманы және Ақтөбе қаласындағы «Фриком», «Қарғалы» бөлімдернің кадр маманы, бас маманы, басшысы; Қызылорда қаласындағы салық басқармасының жетекші маманы, бас маманы; Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы; Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы; Арал ауданы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
***
Сонымен қатар Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Арал ауданының Полиция бөлімінің бастығы лауазымына Нұрбол Әбдіразақ тағайындалды.
Әбдіразақ Нұрбол Бисенбекұлы – 1983 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы қыстағында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылы Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің маманы - учаскелік полиция инспекторы болып бастаған.
2006 - 2016 жылдары Қазалы, Арал аудандық ішкі істер бөлімдерінде, Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасында, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасында түрлі қызметтер атқарған. 2016 - 2018 жылдары Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, бірінші орынбасары; 2018 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін штаттың өзгеруіне байланысты Қызылорда қаласының Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.